Қазақстан-қытай шекарасында валюта контраданбасының жолы кесілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Достық» кеденінің контрабандамен күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы облысының Алакөл ауданында қазақстан-қытай шекарасында кезекті контрабанда әрекетінің жолын кесті.
None
None

«Достық» кеденінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Алматы-Үрімші» бағытында кетіп бара жатқан халықаралық жолаушылар пойызының жолаушысы декларацияланбаған валюта алып өтпек болғаны үшін ұсталды. Қазақстан азаматшасы контрабандалық жолмен 9600 АҚШ долларын және 200 қытай юаньын алып өтпек болған.

Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар