Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылады - Президент

А. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгінгі Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылады. Бүгін Ақордада Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжоу Лиден сенім грамотасын қабылдау рәсімінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Біздің қатынастарымыз саяси сенімділіктің жоғары деңгейін айқындайды. Ол саяси-экономикалық байланыстардың үдемелі өсуіне негізделген, табысты әріптестіктің жарқын үлгісі. Біз халықаралық сахнада белсене әрекеттесудеміз. Бүгінгі Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылады», деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Ху Цзинь Тао мырзаның биыл маусымда Қазақстанға жасаған сапары барысында екі жақты қатынастарда стратегиялық маңызы бар экономикалық жобаларды нақты іске асырудың деңгейі көтерілгенін айта келе: «Бізге экономиканың шикізаттық емес секторларын, әсіресе технологиялар мен инновациялар, трансферт саласындағы ынтымақтастықты арттыру қажет болып тұр», деді.

Соңғы жаңалықтар