Қазақстан қытайлық қорғаныс өнеркәсібі компанияларымен байланыс орнатуға мүдделі - министр Әділбек Жақсыбеков

Ол жерде қазақстандық әскери делегация зениттік-зымырандық қару, ұшқышсыз ұшатын аппараттар және басқа да қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен танысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Компания басшыларымен кездесу барысында Қазақстанның Қорғаныс министрі Қытайдың қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қарасты ірі компаниялармен тығыз байланыс орнатып, екіжақты тиімді келісімдер негізінде басты бағыттарды айқындауға мүдделі екенін жеткізді.
Сонымен қатар Әділбек Жақсыбеков әскердің әскери-техникалық қуатын нығайту мәселесіне отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің тиімді қатысуына да үлкен сенім артатынын жеткізді.
- Біздің ойымызша ол бәсекеге қабілетті, үздік өндірістік технологияларға ие, кеңінен таратылған жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталықтары мен толық циклы бар болуы шарт. Бізге заманауи технологиясы дамыған қару-жарақ пен әскери техника үлгісін бірлескен кәсіпорындарда жинақтауға әзір белгілі шет елдік өндірушілерді тарту өте маңызды», - деді Қазақстан министрі өз сөзінде.
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Қытай тарапын Қазақстанның елордасында 2010 жылғы мамырдың аяғы маусымның басына өткізілуі жоспарланған әскери мүлік пен қару-жарақтың халықаралық көрмесіне шақырды.