17:55, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Қазақстан Лондондағы Олимпиада ойындарында екі ауыратлетті ауыстырады
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Ауыр атлектика бойынша Қазақстан құрамасының жаттықтыру штабы Лондондағы Олимпиада ойынына қатысатын команда құрамындағы спортшыларды ауыстырды, деп хабарлады қазастандық Vesti.kz. спорт порталы.

Арли Чонтейдің (салмақ дәрежесі 56 келіге дейін) және Фархад Харкидің (62 келіген дейін) орнына запастағы штангашылар - Кирилл Павлов (77 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін) сынға түседі.
ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі жариялаған ресми мәліметтерге қарағанда, А. Чонтей мен Ф. Харки жарақат алған.
Естеріңізге сала кетейік, ХХХ жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін өтеді. Ойындар 12 тамызға дейін жалғасады. Лондонда Қазақстанның намысын спорттың 25 түрі бойынша 116 спортшы қорғайды.