Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хабтың тиімді жұмыс жасауы үшін барлық жағдайларды жасайды - Н. Назарбаев

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хаб хатшылығының тиімді жұмысына барлық жағдайларды жасап, оны құруға барынша күш салады.
None
None

Бүгін Астанада басталған мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың құрылтай конференциясының қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Мемлекеттік қызметті дамыту, оны халықтың күннен күнге өсіп келе жатқан талабына сәйкестендіру кез келген үкіметтің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Ал, әр елдің мемлекеттік қызмет реформасының күн тәртібі халықаралық тәжірибе, аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, өзекті мәселелерді зерделеу арқылы анықталады. Қазақстан озық халықаралық тәжірибені белсенді зерттеуге қызығушылық таныта отырып, сарапшылар жоғары бағалаған мемлекеттік қызмет моделін дамыту тәжірибесімен бөлісуге мүдделі. Сонымен қатар, мен мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе, білім және ақпарат алмасу үшін тиімді институционалдық базаға айналатын аймақтық хаб құру туралы мәселені қолдадым. Біз хатшылықтың тиімді жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасап, әріптестерімізбен бірге аймақтық хаб құруға күш саламыз»,-деген Елбасы, құрылтай қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар