Қазақстан мен АҚШ арасындағы Жәрдем көрсетуді жеңілдетуге бағытталған келісім қабылданды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат  /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметінің арасындағы Жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
None
None

Аталған келісім 1992 жылғы 20 мамырда Вашингтонда жасалған. Келісімнің мақсаты АҚШ Үкіметінің Қазақстанға өтеусіз негізде экономикалық және техникалық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ техникалық көмектер көрсетуді реттеу болып табылады. Келісімнің кейбір ережелері Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылғаннан басқаша қағиданы көздейді.

Атап айтқанда, келісімге сәйкес АҚШ-тың Жәрдемдесу бағдарламаларына байланысты берілетін немесе пайдаланылатын тауарлар, жеткізімдер және де басқа да импортқа арналған қандайда бір тарифтер, алымдар, кеден баждары және басқа да салықтардың салынбай Қазақстанға әкелінуі, одан әкетілуі немесе Қазақстанда пайдаланылуы мүмкін.

Сонымен бірге АҚШ Үкіметінің Жәрдемдесу бағдарламасының жүзеге асуына байланысты аталмыш тараптан әрекет ететін ұшақтардың және су кемелерінің қозғалысы үшін Қазақстанға жол ашықтығы аэродромдық алымдардан, новигациялық төлемдерден, порттық алымдардан босатылады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар