Қазақстан мен Алтай аумақтары бойынша «Тірі естелік, тірі аңыз» халықаралық көлік шеруі өтеді

БАРНАУЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Ресейдің Алтай өңірінде «Тірі естелік, тірі аңыз» халықаралық көлік шеруі сапарға аттанды.
None
None

Шара 2-7 шілде аралығында Ресей өңірі мен Қазақстан аумағында өтеді.

«Сапардың бастапқы нүктесі Славгород қаласы болса, соңғы аялдама Қазақстан Республикасының Риддер қаласы», - деп хабарлайды Алтай өңірі әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Көлік шеруінің жалпы ұзақтығы 2 мың шақырым.

Алтайдағы «Десантшілер одағы» бірлестігінің басқарма төрағасы Ирий Ярцевтің айтуынша, шара Ауғанстан соғысы кезінде және басқа да жергілікті қақтығыстарда қос мемлекеттің жер жастанған десантшы-жауынгерлеріне тағзым етуге бағытталған. Шеруге қатысушылар денсантшылар туралы материалдарды жинақтаумен және іздестірумен айналысатын болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум