Қазақстан мен Австрия арасында бірлескен кәсіпорындар құру - Кедендік одақтың бірыңғай нарығына шығуға мүмкіндік береді

амырдың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Австрияға машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың бірнеше бағытын ұсынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Австрия бизнес форумы барысында Қазақстан Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы, Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жыл Қазақстан үшін үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының басталған жылы, өнеркәсіп жылы деп сеніммен айтуға болады. Елбасы өткен жолы 2015 жылға дейінгі индустриялық дамудың кешенді бағдарламасын мақұлдаған болатын. Бұл бағдарламаның қабылдануы мен оны жүзеге асыру ұлттық экономиканы жедел әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның орнықты теңдестірілген дамуын қамтамасыз етеді», деді М. Пішембаев.

Тоқтала кететін жайт, бизнес форум барысында Қазақстан Австрияға ынтымақтастықтың бірнеше бағытын ұсынатындығы мәлім болды. Атап айтқанда, Қазақстан бірлескен кәсіпорындар құруға, сондай-ақ австриялық машина жасау өндірісінің технологияларын алуға басымдық танытып отыр.

Мамандардың пікірінше, бұл шара Австрияға Қазақстан, Ресей Және Беларус арасындағы Кедендік одақтың бірыңғай нарығына шығуға мүмкіндік береді, ал ол нарық бүгінгі Қазақстан нарығынан 10 есе асып түсетіні айқын. Мәселен, Қазақстанда бірлесіп өндірілген өнімдердің Ресей мен Беларуссия нарықтарына кедендік кедергісіз өтуіне жағдайлар жасалады.

Соңғы жаңалықтар