Қазақстан мен Австрияның машина жасаушылары өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтың сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда әріптестік қатынастарды қажет етіп отырған салалар жеткілікті. Солардың бірі машинақ жасайтын зауыттар. Олардың бүгінгі өндіріс мүмкіндіктері әлі де болса жетілдіруді қажет етеді. «Сондықтан олар австриялық әріптестермен бірге жұмыс істеуге қуана-қуана келіседі деген ойдамын», деді Ә.Исекешов.
Өз кезегінде меморандумның мақсат-міндеттеріне тоқталған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхан Әбдібеков «Біз бүгін Қазақстанда бизнесті дамыту саласында қандай мүмкіндіктер бар екендігін қонақтарға көрсеттік. Енді Қазақстанда қандай бизнесті қолға алу жағын австриялықтар өздері ұсына жатады. Ал меморандумға келетін болсақ, бұл құжат екі елдің машина жасау саласындағы бірлескен қимылдарды жолға қояды», деп атап көрсетті.