Қазақстан мен Әзербайжан Қашаған мұнайын экспорттау мәселелерін талқылады

БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев Әзербайжанға сапары барысында аталмыш ел энергетика министрі Натиг Алиевпен кездесті, тараптар екі елдің жаңа жобаларын талқылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Кездесу барысында тараптар Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайды экспорттау мәселелерін талқылап, Қазақстанда әртараптандырылған экспорт жүйесін және Қытай бағытында жаңа энергетикалық жобаларды құру маңыздылығын атап өтті.

Бұдан басқа, баламалы және жаңартылған энергия көздері мәселелері талқыланды.

Әзербайжан энергетика министрлігінің басшысы жүргізілген жұмыстарға қарамастан, баламалы және жаңартылған энергия көздерінің үлесі жоғары емес екенін атап өтті. Аталған салаға жекеменшік капиталды тарту және қолайлы жағдай жасау, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігі бар. 

Соңғы жаңалықтар