Қазақстан мен Әзірбайжан елшіліктер салу үшін бір-біріне жер учаскелерін беретін болады

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Құжатқа сәйкес, Қазақстан тарапы елімізде Әзірбайжан Республикасы елшілігінің ғимаратын салу үшін Астана қаласы Президенттік саябақ ауданындағы Ш. Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесін жылына 1теңге мөлшеріндегі жалға алу ақысымен береді. Жалға алу мерзімі 49 жылға белгіленеді.

Өз кезегінде Әзірбайжан тарапы Қазақстан елшілігінің ғимараттарын салу үшін Баку қаласы Хатаи ауданы Н. Рафиев көшесінің бойындағы 1210 кварталда жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесін жылына 1 манат мөлшерінде жалға береді.

Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу, жер учаскелерін пайдалану үшін төлемді қоспағанда, болу мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес алынатын барлық салықтардан, алымдардан, баждардан тепе-тең негізде босатылады.

Соңғы жаңалықтар