Қазақстан мен БАӘ арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге қатысты келісім мақұлданды

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
None
None

Отырыста осы құжат бойынша қосымша баяндама жасаған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, аталмыш келісімнің 3-ші бабына сәйкес, тараптар қылмыстық істер бойынша тергеуде, қудалауда және өзге де әрекеттер бойынша бір-біріне өзара көмек көрсетеді. Бұл көмек адамдардың куә айғақтарын немесе өтініштерін алу, құжаттарды, есептерді және заттарды ұсыну, адамдардың немесе заттардың орналасқан жерін айқындау мен олардың сәйкестігін анықтау сияқты бірқатар мәселелерді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар