Қазақстан мен БАӘ парламентаралық байланыстарды қалыптастырды

Сенат Төрағасы А.Әл-Кубейсидің сапары екі елдің парламентаралық үнқатысуды орнату тұрғысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы жемісті ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің қызметі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету туралы А.Әл-Кубейсиді хабардар етті.
Сенат Төрағасы 31 мамырда Астанада өтетін, парламентшілер, діни қайраткерлер және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысатын «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына келгені үшін ризашылық білдірді. Бұл тұрғыда Қ.Тоқаев дінаралық және мәдениетаралық келісімді нығайту саласындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің күш-жігерін қолдады.
А.Әл-Кубейси Қазақстанға келуге шақырғаны үшін Қ.Тоқаевқа алғыс айтты. Федералдық ұлттық Мәжілісі Төрайымының айтуынша, Қазақстан мен БАӘ арасында ерекше достық қатынастар мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастық қалыптасты.
БАӘ парламентінің төрайымы «Діндер терроризмге қарсы» конференциясының аса қажеттігін, өйткені, дінді қаралайтын экстремизм идеологиясына бірлесе төтеп беру және исламның бейбітшілік сүйгіш негіздерін түсіндіру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, оның пікірінше, дүние жүзі парламентшілерінің форумына қатысу аса маңызды.
Кездесу барысында жүздесушілер төрағалар деңгейінде парламентаралық үнқатысуды жалғастыруға, сондай-ақ екі елдің заң шығару органдарында қызмет ететін Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастық топтарының жұмысына ықпал етуге уағдаласты.