18:18, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Бельгия ғылыми-технологиялық ынтымақтастық жолында
БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Энергетика, ғылыми-зерттеу саласы және жоғары технология секторындағы Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев Моль қаласында (Антверпен провинциясы) орналасқан ядролық зерттеу орталығында (CEN) болды.
Бұл сапар Бельгия Королі Альберт ІІ-нің ұсынысы бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басқарма кеңесінің төрағасы, профессор Ф.Деконинк және CEN Бас директоры Э.ван Валле, сондай-ақ экология, денсаулық қауіпсіздігі және сыртқы байланысқа жауапты, орталықтың ғылыми қызметкерлерімен әңгіме барысында қазақстандық дипломат CEN-нің негізгі жұмысының бағытымен, ол құрылған 1952 жылдан бергі даму тарихымен, құрылымы және пайдаланған технологияларымен жан-жақты танысты.Бүгінгі күні Бельгия аумағына жеті ядролық энергоблок орналастырылған, оның төртеуі Дуль қаласындағы (елдің солтүстігі) АЭС-те, қалған үшеуі Тианж қаласындағы (оңтүстік бөлік) АЭС-да орналасқан. Олар өндіретін электроэнергия жалпы ұлттық электр өндірісінің 55 пайызын құраса, қалған 45 пайызы негізінен газ қондырғыларымен және көмірмен жұмыс істейтін шағын электр стансылары арқылы қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні CEN үшінші буындағы реакторды құру жөніндегі жұмыстармен айналысуда.Е.Өтембаев CEN басшыларын Президент Н.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты халыққа Жолдауында көрсетілген еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуы жөніндегі шараларымен, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезіндегі баяндамасымен таныстырды.Елші сондай-ақ әлемдегі уран шығаратын жетекші компаниялардың қатарына енетін және ірі еуропалық, азиялық, ресейлік және америкалық кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамытып келе жатқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмысы жайында айтты. Сондай-ақ, ол 1997 мақсатта пайдалану туралы ұзақ мерзімдік келісім жасасқанын жеткізді. 2006 жылғы желтоқсанда Президент Н.Назарбаевтың Брюссельге сапары барысында ЕуроОдақпен де осындай келісімге қол қойды. 2007 жылы Жапония мен Қазақстан стратегиялық әріптестікті осылайша бекітті.Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы Президент Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге бағытталған ? Семей ядролық полигонын жабу, әлемдегі төртінші ядролық қару арсеналынан бас тарту, Қазақстанның қаруды таратпау және әлемдік державаларды қарусыздануға шақыру секілді тарихи маңызды бастамаларын атап өтті. CEN басшылығы біздің Мемлекет басшысының саясатын өте жоғары бағалады және МАГАТЭ қамқорлығындағы Қазақстанның ядролық банкін құру туралы идеясын қолдады.Кездесу соңында Ф.Деконинк ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында қол қойылған Келісімнің маңыздылығын атап өте отырып, атом саласындағы ынтымақтастық туралы қазақстан-бельгия құжатын жасасудың мүмкіндігін қарауды ұсынды.