Қазақстан мен Беларусь ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде беларусь-қазақстан бизнес-форумының қатысушылары ІТ-технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды талқылады, деп хабарлады Trend.az.
None
None

Өткен жылы Астанада екі ел басшылары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Содан бері бірқатар бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Олардың арасында электрондық үкімет, құжат айналымы және банктік технологиялар бойынша жасалымдар бар. «Біз үшін Беларусь тәжірибесі маңызды. Біз тәжірибе алмасудамыз, Қазақстанда қандай технологиялар дамып отырғанын көрсетеміз. Біздің компанияларымыз өз жұмыстарын лайықты көрсетеді деп сенемін, өйткені, біздің компаниялардың көпшілігі елімізде мемлекеттік органдарды автоматтандыру жөніндегі жобаларға қатысуда. Біз үшін қауіпсіздік жүйесін, телекоммуникациялық жүйелерды жасаудағы Беларусь тәжірибесі қызығушылық туғызуда», - деді Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Сәрсенов.

Соңғы жаңалықтар