Қазақстан мен Беларус арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор - Елбасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуде Елбасы екі ел арасындағы мұнай-химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылық техникасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы зор, деді. Қазақстан Беларустың ауыл шаруашылық техникасының зор әлеуетін көріп отыр. Осы орайда Н. Назарбаев бұл сапардың маңыздылығына тоқталып өтті. Елбасының айтуынша, сапардың маңыздылығы сонда, екі елде де экономика саласындағы қарым-қатынастарды келешекте бұрынғыдан да қарқынды дамытуға баса мән беріліп отыр. Бұл ретте екі елдің үкіметтері мен сарапшылары қыруар жұмыстар жасады. Сонымен қатар Н. Назарбаев мемлекетаралық деңгейде де Қазақстан мен Беларус арасында ешқандай проблема жоқтығын атап өтті. Елбасының айтуынша, Қазақстан мен Беларус стратегиялық әріптестікті дамытуға мүдделі. Бүгін мемлекет басшылары қабылдайтын бірлескен мәлімдемеде екі елдің барлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері көрініс табатын болады. Сонымен қатар Елбасы бүгін қол қою жоспарланып отырған Қазақстан мен Беларус арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының да маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде Президент Н. Назарбаев Беларус Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын және ТМД, ЕурАзЭҚ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы Қазақстанның бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.