Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлері КО қызметі мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркіменстанға жұмыс сапары ауқымында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясниковичпен кездесті.
None
None

Әңгіме барысында К.Мәсімов пен М.Мясникович екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады, сондай-ақ Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады primeminister.kz .

Тараптар қазақстан-беларусь өзара іс-қимылының деңгейін жоғары бағалады және мемлекетаралық қатынастардың барлық қыры бойынша байланыстарды одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтті.

Кәрім Мәсімов 21 қарашада Ашхабадта өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін бүгін Түркіменстанға келді.

Соңғы жаңалықтар