Қазақстан мен Беларусьтың кәсіпкерлері электронды сауда-саттық жасайтын болады

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ТМД елдерінің ақпараттық маркетинг орталықтарының мемлекетаралық желісін құру және дамыту бойынша Қазақстан - Беларусь жұмыс тобының отырысы өтті.
None
None

Аталған желіні құрудың негізгі мақсат - ТМД елдерінің саудасы мен нарығы туралы ақпаратты бір арнадан алу. Ол үшін бүгінде www.kazimc.kz порталында Қазақстанның ақпараттық маркетинг орталығы ашылды. 2011 жылы ол Беларусьтың www.export.by атты осыған ұқсас жүйесімен қосылды. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Ақпараттық талдау басқармасының бастығы Майра Қадырбекованың айтуынша, осының арқасында қазақстандық тұтынушы сайтқа кіріп, отандық тауарларды ғана емес, Беларусь жерінде шығарылатын өнімдердің сипаты мен бағасын көре алады. «Қазіргі кезде қазақстандық порталда 150 кәсіпорын тіркелген. Демек, олардың бәрі өз тауарлары мен қызметтерін ұсынып отыр. Болашақта Ғаламтор арқылы біз бірлескен электронды сатуларды да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - дейді М.Қадырбекова.   

Соңғы жаңалықтар
Референдум