19:57, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Беларустың ғылыми-техникалық даму саласындағы ынтымақтастығының перспективасы зор - Елбасы
sp;МИНСК. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусқа ресми сапары аясында бүгін Минскіде ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасында өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялар туралы келісімге қол қойылды. Елбасы бұл құжатты аталмыш саладағы екі елдің ынтымақтастығын кеңейту жолындағы алғашқы қадам деп бағалады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізге елдеріміздің ғылыми-техникалық кооперацияларының нақты бағыттарын анықтау қажет», деді кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан басшысы.
Елбасының айтуынша, Қазақстан мен Беларус арасында елдердің ғылыми-техникалық даму саласындағы ынтымақтастығының перспективасы зор. Бұл бағыт екі елдің экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды мәселе болып табылады.