Қазақстан мен Бразилия өз аймақтарының көшбасшылары ретінде әлемдегі геосаяси ахуалды нығайтуға айтулы үлес қоса алады - Бразилия Президенті Л.И.Лула да Сильва
деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен.
Бұл күні Бразилия Президентіне тағы 17 елдің елшілері сенім грамоталарын табыс етті, олардың қатарында Бахрейн, Оман, Латвия, Литва, Босния және Герцеговина, Оңтүстік Африка және т.б, елдердің өкілдері бар.
Салтанатты рәсім барысында жаңа елшілердің құрметіне салтанатты түскіас берген Л.И. Лула да Сильва, оның барысында Қазақстан өкілімен қазақстандық-бразилиялық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасуға ықылас танытты. Әңгімеге сондай-ақ Бразилияның Сыртқы істер министрі Селсу Аморим қатысты. Тараптар ынтымақтастықты арттыруға әлеуеттің мол екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстан мен Бразилияның ұстанымдары ұқсас болып отырған халықаралық мәселелер бойынша пікірлер алмасылды. Л.И.Лула да Сильва өз сөзінде атап көрсеткендей, Қазақстан мен Бразилия өз аймақтарының көшбасшылары ретінде әлемдегі геосаяси ахуалды нығайтуға айтулы үлес қоса алады.
Е.Ыдырысов сапар барысында сондай-ақ Бразилияның Даму, өнеркәсіп және сыртқы сауда министрі Мигел Жоржемен және Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға жауапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберто Жагуарибемен кездесті.