Қазақстан мен Бразилия парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Әңгіме барысында В. Рогалев Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық Конгресі Депутаттар палатасынан келген әріптесіне қазақстандық парламентші жер шалғай болғанымен - көңіл жақын, екі ел арасындығы, оның ішінде парламенттер аралық қатынастардың жоғары деңгейде екендігін атап өтті.
«Егер Бразилия Қазақстанға еркін визалық тәртіп енгізсе, екі ел арасындағы инвестициялық байланыстарға да жол ашылатын болады», - деді ол.
Бұдан бөлек, тараптар экономикалық өзара ынтымақтастық жолдарын талқылай келе, жаңартылатын энергия көздерінің маңызына тоқталды. Соған байланысты меймандар өздерін «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырту алғандықтарына ризашылық білдірді.
Мәжілістің комитет хатшысы Бразилияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелікке және де ДСҰ-на өтуде еліміздің кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, 2018 жылы Астанада өтетін әлемдік діндердің VI құрылтайына Бразилияның да қатысуынан үмітті екендіктерін жеткізді. Қазақстанның бейбіт бастамаларын атай отырып, бразилиялықтар ұлтаралық келісім мен ел іргесін мықты ұстап отырғандықтарын бағалады.
Тараптар әңгіме барысында парламентаралық ынтымақтастық арқылы елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайта беретіндіктеріне сенім білдірді.