Қазақстан мен Чехия прокуратура органдарының екіжақты ынтымақтастығы талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмидің Чех Республикасының Бас прокуроры Рената Весецка ханыммен кездесуі болып өтті,
None
None

деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Р.Весецка ханымның сапары бұрын қол қойылған Меморандум аясындағы екі ел прокуратура органдары ынтымақтастығының жалғасы болып табылады.

Кездесу барысында тараптар қылмысқа қарсы күресу, прокурорлар қызметін жетілдіру, сондай-ақ қызметкерлердің тәжірибе алмасу мәселелері бойынша одан әрі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Чех делегациясының сапары аясында Астана қаласының прокуратурасы және Прага қаласының Бас прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы Хаттамаға қол қойылу көзделуде.

Соңғы жаңалықтар