Қазақстан мен Эстония арасында Мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

ТАЛЛИНН. 20 сәуір. ҚазАқпарат / Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін Кадриорг сарайында өткізілген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Эстония Президенті Томас Ильвестің келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі мен Эстония Республикасының Ұлттық мұрағаты арасында Мұрағат істері саласындағы ынтымақтатық туралы келісімге қол қойылды.
None
None

Қазақстан тарапынан құжатқа Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, Эстония тарапынан Ұлттық мұрағаттың мұрағатшысы Приит Пирско қол қойды.

Бұл келісім тараптарға мемлекеттердің мұрағаттық құжаттарын пайдалану мен зерттеуге мүмкіндік береді, ал бұл Қазақстан мен Эстония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен дәстүрдің дамуына жол ашады.

Соңғы жаңалықтар