11:43, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім заңмен бекітілмек
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған келісімге Астана қаласында 2009 жылғы наурыздың 30-ында қол қойылған.
Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасын («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) іске асыру еліміздің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ халықаралық транзит дәлізінің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын барынша арттырады және транзиттік жүктердің жүк айналымы тиісінше ұлғаяды. Бұл Қазақстанның барлық деңгейлердегі бюджеттерінің кіріс бөлігін елеулі арттыруға мүмкіндік береді. Транзит ішкі және сыртқы сауданың дамуында, тауарлардың және қызмет көрсетулердің өзіндік құнының төмендеуінде, агроөнеркәсіптік, машина жасау, өндіруші сектордың және автожол саласын дамытудың басқа да көптеген аспектілерінің өсуінде көрінген мультипликативтік әсер қалдырады. Қайта жаңартылатын учаскелер бойынша қозғалыстың орташа жылдамдығы көтеріледі, жол сапасы айтарлықтай жақсарып, тиісінше жолдардағы қауіпсіздік деңгейі артады деп күтілуде.Қарыз туралы келісім шеңберінде Жобаның бірқатар бөліктері көзделген. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы шекарасы ? Мәртөк ? Ақтөбе қаласы арасындағы қашықтығы 102 шақырымдық автожолды қайта жаңарту және техникалық санатын арттыру мақсаты көзделіп отыр.Қазақстанға 180 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз Банктің қарапайым күрделі ресурстарынан беріледі. Қарызды өтеу мерзімі - 4 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 19 жыл. ЕҚДБ процентінің егеменді қарыздар үшін стандарттық ставкасы жылдық 1 пайыз қосу 6 айлық LIBOR-ды құрайды. Міндеттеме үшін комиссия жылына 0,5 пайыз ставка бойынша өндіріп алынады. Бір жолғы комиссиялық алым 1 пайызды құрайды.Қазақстан Үкіметінің бірлесіп қаржыландыруы 32,5 млн. АҚШ долларынан аспайды. Республикалық бюджеттің қаражаты құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге бағытталатын болады.Тартылатын қарызға қызмет көрсету мен өтеуді Қарыз туралы келісімде белігіленген қаржылық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен ҚР Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.
Жоба 2013 жылдың соңында аяқталады.