Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында тиісті теңгерімдер болуы шарт - П. Бартолоцци
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан өзіне реформалар жүргізу міндетін алып, толыққанды демократиялық қоғам құру мақсатындағы жұмыстарды атқарып келеді. Шындығында да, ЕО көптеген бағыттар бойынша Қазақстанмен ынтымақтасып, жан-жақты қолдаулар жасай алады. Өйткені, біздің экономикамыздың өзі бір-бірін толықтырып отыратынын білуге тиіспіз. Бұдан бөлек, Қазақстан мен ЕО арасында стратегиялық маңызды бағыттар дұрыс жолға қойылды. Сондықтан да, біздің қатынасымызда тиісті теңгерімдер болуы шарт», деді П. Бартолоцци.
Сонымен бірге, делегация басшысы бүгінгі өркениетті елдер адам құқықтарының сақталуын толық қамтамасыз ететін демократиялық қоғамды құруға талпынып отырғанын айта келе, Қазақстанда соңғы бірнеше жылдар бойы аса маңызды, айтарлықтай реформалар жүзеге асқанына тоқталды. «Сондықтан да, Еуропарламент делегациясы ынтымақтастық комитетінің отырысына қатысып қана қоймай, осы елде болып жатқан өзгерістерді анық байқап отыр», деді ол.