Қазақстан мен Финляндияның бизнес-форумы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 4-і күні Астанада «Қазақстандағы Финляндияның экономика күндері» бизнес-форумын өткізу жоспарланып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстандағы Финляндия Елшілігі, «KAZNEX» Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі корпорациясы» АҚ, сондай-ақ «ФинПро» финдік агенттік ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумды өткізудің мақсаты - екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын талқылау, іскерлік байланыстарды орнату, бірлескен өндірістерді құру мүмкіндіктерін қарастыру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторлары бойынша екі елдің аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Аталған бинес-форумға ҚР Индустрия және сауда министрі Ә. Исекешев, Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі П. Вянюрюнен қатысады деп күтілуде.

Форум аясында ынтымақтастық бойынша екі елдің сауда-өнеркәсіптік палаталарының арасында екіжақты келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар