Қазақстан мен Гана бизнес, мұнай-газ секторы және футболды дамытуда ынтымақтастықты жолға қоя алады - К.Алабо
«Елші ретінде ерекше назар аударатын негізгі үш саланы атап өткім келеді. Біріншісі - бұл бизнес саласы. Біз бизнес және сауда саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыра алар едік. Қазіргі уақытта біздердің елдеріміздің тауар айналымы 401 млн. долларды құрайды. Мұны еселей түсуге әлеуетіміз бар»,- деді ол.
Елші өз сөзінде Г.Әбдіқалықовамен кездесу барысында екі елдің кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру мүмкіндігі қозғалғанын атап өтті. Гананың мұнай мен газ өндіруде жас мемлекет саналатындығына, ал бұл секторда Қазақстанның мол тәжірибесі бар екендігін айтып, өз елінің елордада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға ниетті екендігін жеткізді.
«Қазақстан мен Гана мұнай-газ өндіру және өңдеу салаларында да ынтымақтастықты жолға қоя алар еді. Мұнан бөлек, Ганада футбол өте жақсы дамыған. Бұл ретте елімнің талантты жас футболшылары қазақстандық спортшыларға өз өнерлерін көрсетіп, тәжірибе бөлісе алар еді», - деді К.Алабо.