16:02, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қазақстан мен ХҚДБ арасында ШОБ-ті дамыту үшін Қарыз туралы келісім ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады . Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.