Қазақстан мен Иордания 2009-2011 жылдарға арналған Туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

АММАН. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иордан Хашимит  Корольдігіне ресми сапары  аясында кеше Амманда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Иордан Хашимит  Корольдігінің Үкіметі арасында 2009-2011 жылдарға арналған Туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш бағдарламаға енетін қызметтің барлық түрлері тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады. Осы бағдарлама тараптар дипломатиялық арналар арқылы келісілуі мүмкін қызметтің басқа түрлерін, сапарлар мен ұсыныстарды жоққа шығармайды. Тараптар туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар тудырады. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, тараптар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Үкіметі арасындағы 2009-2011 жылдарға арналған Туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық жоспар негізінде байланыстар орнатады.

Соңғы жаңалықтар