Қазақстан мен Ислам Конференциясы Ұйымының арасындағы түрлі бағыттағы ынтымақтастықтың кемел келешегі талқыланды

Кездесу Қазақстан мен Ислам Конференциясы ұйымының арасындағы түрлі бағыттағы ынтымақтастықтың кемел келешегін, әсіресе біздің еліміздің 2011 жылы осы Ұйымға төрағалық ету міндетінің аясындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылауға арналды.
Х.Опелойеру мырзаның айтуынша, Ислам Конференциясы Ұйымы қоғамдастығы Қазақстанның қарқынды дамуын, оның экономикалық әлеуеті мен халықаралық беделінің біртіндеп нығаю үдерісін қанағаттанарлықпен қадағалап отыр. Сондай-ақ, тараптардың түрлі бағдарламалар мен бастамаларының аясында Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымымен арадағы өзара іс-қимылдарының тиімділігі де арта түскенін айта кету керек. Ислам Конференциясы Ұйымындағылар, бізді еліміздің қоғамдастықтың қызметіне қосатын үлесінің тек арта түсетіндігіне, ал Қазақстанның келешек төрағалығы Ұйым қызметінің барлық сипатына қарқынды серпін беретіндігіне сенімді.
Ұйым басшылығының пікірінше, Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен оның Орталық Азиядағы жетекші ролі және жоғары халықаралық беделі Ислам Конференциясы Ұйымы институттарының жұмысында, әсіресе СОМСЕС институтының жұмысында үлкен сұранысқа ие болады.