Қазақстан мен Испания арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты құжаттар заңмен бекітіледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған конвенция мен хаттамаға Астанада 2009 жылғы шілденің 2-сінде қол қойылды. Осы Конвенцияның мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады.
Конвенция осы немесе өзге уағдаласушы мемлекеттің резиденттері - заңды және жеке тұлғалардың кірістеріне қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді.
Конвенцияның жекелеген баптары салықтық кемсітпеу, ақпарат алмасу сияқты бірқатар жалпы мәселелерді, сондай-ақ Конвенцияның күшіне енуі және оның қолданылуын тоқтату жөніндегі бірқатар рәсімдік мәселелерді көрсетеді.
Мұндай Конвенцияның болуы салық қатынастарының қалыпты тұрақтылығына кепілдік береді, кірістерге қосарланған салық салуды болдырмайды және сол арқылы екі мемлекет арасында неғұрлым тығыз экономикалық байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
29-бапқа сәйкес Конвенция ратификациялануға жатады. Конвенцияның ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленгеннен өзге ережелерді көздейтінін ескере отырып, осы халықаралық шартты ратификациялау талап етіледі.