Қазақстан мен Испания өз аумақтарында жасырынып жүрген қылмыскерлерді өзара ұстап беретін болды

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақсан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
None
None

Шарт тараптардың құзыретті органдары арасындағы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін сот үкімін орындауды жүзеге асыру үшін іздеудегі адамдарды беру мәселесі бойынша қарым-қатынастарды реттейтін болады.

Бас прокурор орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, құжаттың қабылдануы екі мемлекет арасында қылмыскерді ұстап беру рәсімінің жақсаруына сеп болатынын атап өтті.

Бұл ретте тараптар жазбаша сұрау салу бойынша бір-біріне өздерінің аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беруге міндеттенеді. Заң жобасында ұстап беру мен одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген.

«Шартты ратификациялау екі тарапқа адамдарды ұстап беру мәселелерінде бірыңғай келісілген саясатты әзірлеуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы ұстап беру рәсімін жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді И. Меркель.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар