Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе байланысты қалпына келтiру мәселесi талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда ҚР Израиль Мемлекетіндегі Елшісі Дулат Қуанышев Израиль Президенті Реувен Ривлинге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлады.
None
None

Президент салтанатты рәсім барысында өзінің қазақ әріптесі Н.Назарбаевтың халықаралық бейбіт бастамасын жоғары бағалады және ол үшін Қазақстанның Президенті дінаралық және этникаралық келісімде табысқа жеткізген саясаткер ретінде үлгі болып табылады. Сонымен бірге, ол Республикамызды аймақтағы аса мықты державасы болып табылатындығын атап кетті. Елші Д. Қуанышев Қазақстан Президентiнiң сыртқы саяси бастамасы, жекелегенде АӨСШК және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне шақыру барысы туралы Р.Равлинді хабардар етті. Сонымен бірге ол алдағы болатын 2017 жылы ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесін еске салды. Бұдан басқа да Елші БҰҰ ҚК тұрақты мүше емес сайлауына Қазақстанның кандидатурасы туралы айтты.

Елші үстiмiздегi жылдың тек 9 айында екі ел арасында сауда айналымы 1.3. млрд доллар сомасына көтерілгенін, бұл 2013 жылғы аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 60%-ға жоғары екенін атап айтты. Осы көрсеткіштердің көбісі ҚР-дан шыққан экспорт тауарларына қатысты. Әңгіме барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы әуебайланысын қалпына келтірудің маңыздылығын, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық қатынасын құрайтын инвестиция мен технологияны жақсарту қажеттігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар