Қазақстан мен Израиль президенттері телефон арқылы әңгімеде халықаралық және аймақтық ұйымдар ауқымындағы екі елдің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израиль Президенті Шимон Переспен телефон арқылы сөйлесті,
None
None

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму болашағы талқыланды. Тараптар, Израиль Президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде жоғары технологиялар бойынша бірлескен қор құруды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Израиль Президенттері екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдардың, атап айтқанда үстіміздегі жылғы маусым айында кезекті саммиті өткізілетін АӨІСШК аясындағы әрекеттестігі мәселесін талқылады.

Сұхбаттастар сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуал төңірегінде сөз қозғады, осы орайда Қазақстан Президенті бұл өңірдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті саяси-дипломатиялық жолмен қамтамасыз ету қажеттігі жөнінде пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар