Қазақстан мен ҚХР басшыларының туған ауылдарын бауырлас елді мекен ету ұсынылды (ФОТО)
Еске сала кетейік, 2014 жылғы 19 қыркүйекте ежелгі сауда жолдары бойынша Сиань қаласынан «Қытай-Қазақстан: Ұлы жібек жолының шай мәдениеті» достық және ынтымақтастық керуені шыққан. Ауқымды акция ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолы экономикалық белдеуін құру туралы бастамасына қолдау ретінде ұйымдастырылды.
«22 қыркүйекте керуенді Үшқоңырда Президентіміз Н.Назарбаевтың жерлестері қарсы алды», - деді «ҚазАқпарат» ХХА тілшісіне телефон арқылы экспедиция қатысушысы Х. Дауров. Керуен Фупин қаласынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жерлестерінен естелік сыйлықтар мен ыстық сәлемдеме әкелді. Екі ел көшбасшылары дүниеге келген екі ауыл арасында туыстық қатынасты және ынтымақтастықты реттеу ұсынылды. Саздан жасалған әскердің сувенир көшірмелері, бағалы Фуца шайы сыйлық ретінде жеткізілді. «Қазақстан Президентінің мұражайына, Тараз мұражайына саздан жасалған әскерлер қазбаларын жүргізу барысында табылған күймені сыйға тартуды жоспарлап отырмыз», - деді Х. Дауров. 5 мың шақырымдық саяхатты ұйымдастырушылар - Қазақстан дұнғандар қауымдастығы мен ҚХР, Сиянь «И-Зе Фуца» компаниясы. Жобаға Қазақстан тарапынан Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен «Жаңа Жібек жолы» мәдени және экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық академиясы» қолдау көрсетті. Шараны ұйымдастырушылар - Сиань қаласының әкімшілігі, Алматы және Жамбыл облыстарының, Алматы қаласының әкімдіктері.