18:28, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан мен Колумбия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы өтті
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан мен Колумбия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы өтті. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров пен Колумбия Сыртқы істер министрінің орыбасары Патти Лондоньо төрағалық еткен қазақстан-колумбиялық Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы болып өтті», деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, консультация аясында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық және басқа да өзара мүдделі салалардағы ықпалдастық бағыттарының ахуалын талқылады.