19:07, 04 Шілде 2010 | GMT +5
Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екі мемлекет арасындағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады
nbsp;АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отынбаевамен кездесті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Р.Отынбаеваны Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі Президенті қызметіне сайлануымен және елдің жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.
Екі елдің президенттері екі мемлекет арасындағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі Президентіне жаңа қызметінде табысты жұмыс, ал бауырлас қырғыз халқына - бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену тілеген лебізін жеткізді.