Қазақстан мен Қырғызстан екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты жұмыстардың нақты бағыттары мен нұсқамаларына ие - ҚР Премьер-Министрі

ШКЕК. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Бішкекке жұмыс сапарымен келді, мұнда ол Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкіметаралық кеңесінің екінші отырысына қатысады.
None
None

Тараптар бірнеше құжаттарды қарастыруды жоспарлап отыр, олардың қатарында - қазақстандық-қырғыздық үкіметаралық кеңес жанындағы шекаралық ынтымақтастықтың шағын комиссиясын бекіту туралы шешім, сонымен қатар ҮК екінші отырысының хаттамасы бар.

Кеңейтілген кездесуді ашу кезінде Қырғызстан Премьер-Министрі Алмазбек Атамбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен қолдауы үшін, ал К.Мәсімовке сапары үшін алғыс айтты

«Біздің байланыстарымыз қарқынды дамып келеді, дегенмен екіжақты ынтымақтастықтың жүзеге асырылмаған әлеуеті де жетерлік. Бүгінгі үкіметаралық комиссияның отырысы дамуға күшті серпін беретініне сенімдіміз», - деді А.Атамбаев.

Өз кезегінде К.Мәсімов Қазақстан мен Қырғызстан екі ел халықтарының игілігі мен экономиканың өсуі үшін екіжақты жұмыстардың нақты бағыттары мен нұсқамаларына ие екендігін атап өтті. ҚР Премьер-Министрі бүгінгі кездесудің нақты келісімдермен бекітілетініне үміт артты.

Соңғы жаңалықтар