21:00, 14 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет үйінде Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Жоомарт Оторбаевпен кездесті.
![None None](/static/img/plug.webp)
Үкіметтер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы мәселелерді, сондай-ақ алдында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.
Тараптар елдер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті баса айтып, қазақстандық-қырғыз серіктестігінің жоғары деңгейін атап өтті , деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.