Қазақстан мен Қытай қазіргі әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша ортақ пікір ұстанады - Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков

Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы сапар барысында Қытай Халық Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі генерал-полковник Лян Гуанлемен және Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары генерал-полковник Го Босюнмен кездесті, деп хaбарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
- Қазақстан мен Қытай өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізіп отыр және қазіргі әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша ортақ пікірлес. Елдердің арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі деңгейіне, бірінші кезекте, мемлекет басшыларының жеке қарым-қатынастарының арқасында қол жеткізіліп отыр. Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасымен барлық саладағы, оның ішінде әскери саладағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән беруде»,- деп атап көрсетті министр Әділбек Жақсыбеков.