Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен елімізге ресми сапармен келген Қытайдың Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэнің екіжақты кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Тараптар күн тәртібіндегі өзекті және басымдық берілген екіжақты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу практикасын жалғастыру, екі ел әскери қызметшілерінің далалық машықтан түрлі жарыстарға қатысуы, қарулы күштер мен әскери-техникалық ынтымақтастық үшін білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Одан бөлек, қорғаныс министрлері бітімгершілік саласында бірлескен іс-қимылды жолға қою қажеттігі жөнінде уағдаласты.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимыл басымдықтарына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, Қазақстан-қытай әскери ынтымақтастығын нәтижелі дамытудың әлеуеті де атап өтілді.


Соңғы жаңалықтар