Қазақстан мен Латвия дипломатиялық төлқұжат иелерін виза талаптарынан босаттты

16 қыркүйекте өткен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, халықаралық аренадағы өзара іс-қимыл, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ ауқымындағы байланыстар, Қазақстанның Еуроодақпен қатынастары тұрғысынан талқыланды. Өзара мүдделі көпжақты маңызды проблемалар бойынша сындарлы пікір алысылды.
Келіссөздер қорытындысында Латвия СІМ-де дипломатиялық төлқұжаттар иелерін виза талаптарынан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Р.Жошыбаев сондай-ақ Латвия ішкі істер министрлігінң мемлекеттік хатшысы Ильза Петерсонемен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жасырын көші-қонға қарсы тұруда екі елдің өзара іс-қимылына жәрдемдесетін тұлғалардың реадмиссиі туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
Сол күні Ригада қазақстандық делегация Латвия экономикалық министрінің мемлекеттік хатшысы Юрис Пуцемен келіссөздер жүргізді, оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Астанада қазақстан-латыш үкіметаралық кезекті отырысын өткізу мерзімі талқыланды
Р.Жошыбаев латвиялық тарапты Қазақстан дамуының басымдықтарымен таныстырды, соның ішінде экономикалық және әлеуметтік жаңарту саласындағы жоспарларға, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру шараларына баса көңіл бөлінді.
Бұдан басқа, 16-17 қыркүйекте қазақстандық делегация Еуропадағы және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған VI халықаралық Рига конференциясының жұмысына қатысуда.