Қазақстан мен Литва қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қабылдады. 

Литва
Фото: Kazinform

Сенатор Жанна Асанова атап өткендей, 1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан мен Литва Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шарттың қолданылу аясы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектің кең түрлерін ұсыну арқылы тараптардың құзыретті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын жүзеге асыруды көздейді.

«Қарауға ұсынылған Хаттама Литва Республикасын дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының тағайындалған орталық органдары, олардың функциялары мен байланыс ақпараты туралы және керісінше Қазақстан Республикасының сол ақпараты туралы дереу хабардар ету мақсатында оған түзетулер енгізуді ұсынады», - деді депутат.

Оның айтуынша, дереу хабарлау туралы ережені енгізу негізгі шара, өйткені Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы шартта өзара іс-қимылды үйлестіру жөніндегі функция бекітілетін орталық органдардың құзыреті тараптардың заңнамасындағы өзгерістерге байланысты өзгертілуі, толықтырылуы немесе берілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар