Қазақстан мен Литваны ортақ тарих, өзара мүдде және тату көршілестік дәстүріне негізделген көп жылғы достық және ынтымақтастық байланыстырады-Елші Рокас Бернотас

Қазақстан мен Литваның екіжақты қатынастарын, оның ішінде парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Қ.Сұлтанов атап өткендей, Қазақстан мен Литваны дағдылы достық қатынастар байланыстырады, осы елдерде өзара тиімді ынтымақтастық үшін барлық жағдайлар жасалған. Мемлекетаралық байланыстардың түрлі деңгейіндегі қарым-қатынастары белсенді түрде өрістеп келеді.
Сенатордың айтуынша, парламентаралық байланыстар екіжақты Қазақстан-Литва ынтымақтастығының маңызды бөлігі болып табылады.
Сенатта Литва Сеймімен ынтымақтастық тобы жұмыс істеп келеді. Литва Республикасының жоғары заң шығару органында да қазақстандық парламентшілермен достық және ынтымақтастық тобы бар.
«Қазақстан мен Литваны ортақ тарих, өзара мүдде және тату көршілестік дәстүріне негізделген көп жылғы достық және ынтымақтастық байланыстырады», - деді Р.Бернотас.
Дипломаттың айтуынша, Қазақстан мен Литва өзара саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара табысты іс-қимылға арналған зор әлеуетке ие. «Жоғары деңгейде қол жеткен уағдаластықтар осы әлеуетті іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Литва дипломаты.