Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына - 20 жыл

АЛМАТЫ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мен Молдова Республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толды. 
None
None

Қазақстанның Украина мен Молдовадағы дипломатиялық өкілдігі 1994 жылдың желтоқсанында Киевте ашылған болатын. Екі мемлекет БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар  аясында өзара әрекеттестік қатынас жасайды. Молдова Президенті П. Лучински 1999 жылы қыркүйекте  Қазақстанға, ал  2010 жылы 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаев Молдоваға ресми сапар жасады. Биыл Кишинеу қаласында Қазақстан-Молдова Үкіметаралық комиссиясының 5-отырысы өтеді деп жоспарлануда. 4-отырыс былтыр 28-29 сәуір күндері Астанада болып, онда ақпараттандыру, агроөнеркәсіп кешеніндегі өнеркәсіп салаларындағы екі жақты инвестициялық және кәсіпкерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланған болатын. 

Молдова Республикасы  - Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Оның жер көлемі 33,7 мың шаршы шақырымды құрайды. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 111,4 адамнан келеді. Ел тұрғындарының жалпы саны  жыл басында 3 миллион 559 мың 500 адамды, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көлемі 2127,7 долларды құрады. Халқының 70 пайызын молдовандар, 30 пайызы  украин, орыс, гагауз, еврей, болгар сияқты өзге ұлыс өкілдері. Негізгі ұстанатын діні - христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы - Президент, Үкімет басшысы -  Премьер-Министр. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі - лей. Ұлттық мейрамы - 27 тамыз - Тәуелсіздік күні. Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсібінің 50 пайызын  тамақ өндірісі құрайды. Шарап, жеміс, көкеніс қалбырлау, эфир майны өндіру алдыңғы қатарда. Қант, темекі, шарап сияқты жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіріп,  бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіреді. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған. Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және тағы басқалар бар. Басты сауда серіктестері - Ресей, Украина, Беларусь.

Қазақстан мен Молдова арасындағы сыртқы тауар айналымының көлемі Кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне қарағанда 2011 жылы 70,8 млн. долларды құрады. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 22,3 пайызға жоғары.  Қазақстанның экспорты былтыр 35,3 пайызға өсіп 38,5 миллион доллар, ал импорты 32,3 миллион долларды құрап 9,8 пайызға ұлғайды.

Молдова астанасы Кишиневтен 130 шақырым жердегі Анений Ной ауданындағы Гура-Быкулай ауылындағы Теориялық лицейге  2008 жылы 9-мамырда Қазақстан  елшілігі Кеңес одағының батыры Қанаш Қамзиннің мемориалдық тақтасын орнатқан болатын.  1944 жылы Молдованы неміс-фашист басқыншыларынан қорғауда көз жұмған қазақсандық жауынгердің есімі  кейін лицей орналасқан көшеге берілді. Қазақстанда 20 мыңға жуық молдован диаспорасы тұрады және  мәдени орталығы жұмыс жасайды. 

Молдованың ұлттық статитиакалық агенттігінің деректеріне қарағанда, мамыр айында орташа айлық жалақы бұл елде 3 мың 489,9 лейді құрады.  Онда бюджеттік сала қызметкерлері - 3 мың 213,3 лей, нақты экономика саласының қызметкелері 3 мың 617,4 лей. Ең жоғары жалақыны қаржыгерлер (6 мың 690,5 лей), ал ең төменгі жалақы балық өсірушілер (1 мың 646,2 лей) алады. 

Соңғы жаңалықтар