Қазақстан мен Молдова арасындағы үкіметаралық комиссияның отырысы өтті

«Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым- қатынастар перспективалары мен оның жағдайы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кедендік мәселелер бойынша ынтымақтастық бағыттары жайында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, жүздесу бойынша талқыланған негізгі мәселелердің бірі ынтымақтастық шеңберіндегі келісімшарттық-құқықтық базаны кеңейте түсу бойынша өрбіді. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның төртінші отырысының аясында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметі арасындағы ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек, тараптар алдағы уақытта инвестицияны өзара қорғау және ынталандыру туралы, денсаулық сақтау саласы және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасау жайында да ниеттестік танытты. Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, хаттамаға қол қойылды», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.