Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе қатынасы бизнестің дамуына оң әсер ететін болады - Египет Араб Республикасының Елшісі

бизнестің дамуына оң әсер ететін болады. Бұл туралы бүгін Каир-Алматы-Каир бағыты бойынша тікелей рейстің ашылуына байланысты өткен баспасөз мәжілісінде Египет Араб Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдалла Аль-Арнуси мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Egypt Air» - барлық кедергілерді бұзып, керісінше, Қазақстан мен Мысыр елдері арасындағы қызметке байланысты қарым-қатынастарды нығайтып, біріктіреді деп ойлаймын», деді Елші.
Салтанатты таныстырылым барысында сөз алған халықаралық туризм бойынша вице-министр Самми Махмуд, «қазақстандық нарық - ең перспективалы, әрі тартымды нарық», деп атап өтті. Оның айтуынша, биылғы жылдың басынан бері Мысыр еліне 22 мың қазақстандық турист келіп кеткен. «Келесі жылы бұл көрсеткіш екі есеге өседі деген ойдамыз», деді ол. Оның сөзіне қарағанда, әлемдегі дағдарысқа қарамастан Египетке туристердің келуі 5 пайызға ғана азайған. Биыл 12,5 миллион саяхатшы келіп кеткен.
Өз кезегінде делегация басшысы, азаматтық авиация комитетінің жетекшісі Эмад Салам, «Египет Қазақстан елінің тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған елдің бірі», деп атап өтті. «Қазақстанмен 1992 жылдан бері дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған болса, сауда соңғы үш жылда, Қазақстаннан бидай сатып ала бастағаннан кейін қарқынды дамыған. «Египет өз қаражатына Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» университетінің құрылысына демеушілік жасады. Қазақстан өз кезегінде жауап ретінде 4,5 миллион доллар қаражатты бөліп, Мысырдағы Сұлтан Бейбарыс мұражайын қайта жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті», деді Эмад Салам.