Қазақстан мен Нидерландының сыртқы істер министрлері ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

ГААГА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Кеше, маусымның 4-інде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Нидерланды Корольдігіне сапар жасағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
None
None
Премьер-Министр Ян Балкенендемен болған кездесуден кейін Қазақстан министрі үкіметттік қабылдау үйінде өзінің нидерландылық әріптесі Максим Верхагенмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдардың перспективалық бағыттары бойынша, оның ішінде Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясындағы іс-қимылдар бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Осыған байланысты екі елдің министрлері Ұйымның күнтәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады және ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшеміндегі сәйкес мүдделерді бірлесіп ілгерілету жөніндегі консультацияларды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді. Белсенді сыртқы саяси байланыстардың жалғасы ретінде Марат Тәжин Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрін Қазақстанға сапармен шақырды. Сапар қорытындысы бойынша екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Соңғы жаңалықтар