Қазақстан мен Пәкістан арасында әскери саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахтар Туфаилмен кездесті.
None
None

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Республикасы Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Құжаттарға қол қою біздің мемлекеттер арасындағы ұлттық және өңірлік деңгейдегі қауіпсіздікті нығайтудағы екіжақты ынтымақтастықты  дәлелдейді»,- деді Қазақстан Қорғаныс министрі. Қазақстан мен Пәкістан арасында әскери білім беру және кадрларды дайындау саласында бірлескен іс-қимылдар қалыптасып отыр.

Пәкістан қару-жарақ зауытының өкілдері «KADEX-2012» екінші  халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысып, қорғаныс өнеркәсібі саласында өзара іс-қимылға барынша басымдық беруге қол жеткізді.

Пәкістан Елшісі өз кезегінде Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға барынша маңыз беретінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі де дами беретініне сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар