Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қатынайтын халықаралық пойыздарға билеттердің арзандайтынын хабарлайды.
None
None

Мысалы, осы жылдың тамыз айында №301/302 «Алматы-Новосибирск» пойызына купеге билет алсаңыз оның бағасы 2015.13.09 дейін 30 тәуліктен әрі қарай 15 528 теңге, 30 тәуліктен бері 18 305 теңге болады. Ал енді 2015.13.09 кейін сол купенің билеті 30 тәуліктен әрі қарай 14 404 теңгені, 30 тәуліктен бері 16 977 теңгені құрайды.

Немесе осы жылдың тамыз айында №071/072 «Астана-Мәскеу» пойызының плацкарт вагонына билет алсаңыз оның бағасы 2015.13.09 дейін 30 тәуліктен әрі қарай 25 188 тенге, 30 тәуліктен бері 29 024 тенге болады. Ал 2015.13.09 кейін сол билет бағасы 30 тәуліктен әрі қарай 21 797 тенге, 30 тәуліктен бері алсаңыз 25 112 тенгені құрайды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Пойыздардың №

Бағыттары

Вагон түрі

Жеңілдіктер мен төсек жабдығын қоса есептегенде билет бағасы, теңгемен

13.09.2015 ж. дейін

13.09.2015 ж. кейін

30 тәуліктен әрі

30 тәулікке дейін

30 тәуліктен әрі

30 тәулікке дейін

301/302

Алматы-Новосибирск

Купе

15 528

18 305

14 404

16 977

Плацкарт

11 510

13 242

10 668

12 271

071/072

Астана-Мәскеу

Купе

34 277

40 464

29 737

35 098

Плацкарт

25 188

29 024

21 797

25 112

Соңғы жаңалықтар
Референдум